TechБасты

Борышкер атқарушылық іс жүргізілгенін SMS арқылы біледі

Қазақстанда борышкерлер атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы туралы ақпаратты SMS арқылы алатын болды, деп хабарлайдыJana-kezen.kz.

«Енді борышкер ұялы телефон нөміріне атқарушылық іс жүргізудің қозғалуы, онда қолданылатын шектеу шаралары туралы және іс бойынша басқа да мәліметтерді алатын болады», – делінген ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осы жылдың 27 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң атқарушылық іс жүргізу тараптарын хабардар ету институтын жетілдіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button