Social

Биыл өңірге 500 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.

Оның айтуынша 2025 жылы аймаққа 450 мыңға жуық турист келіп, көрсетілген қызметтердің көлемі 20 млрд теңгеден асып, өсім 11% болған. Бүгінде облыста ішкі туризммен айналысатын 22 тіркелген туроператор бар, олар 248 туристік маршрутты қалыптастырған.

«2026 жылы халықтың жаппай демалу орындарын абаттандыру аясында 2 жоба жүзеге асырылуда: Ақтау қаласындағы «Солдатский» коммуналдық жағажайы — 874 млн теңге және Ақтау қаласындағы жалпы ұзындығы 4 шақырым болатын жағалауды абаттандыру жобасы — 14 млрд теңге. Аталған жобалар жағажай мен жағалау инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар мен туристер үшін қолайлы әрі қауіпсіз демалыс кеңістігін қалыптастырады», — деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.

Кендірлі курорттық аймағын дамытуға ерекше назар аударылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылы басталған жаңа әуежай құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанның жалпы дайындық деңгейі 35%-ды құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button