Politics

Қолжетімді бағамен отандық құрылыс материалдары: елімізде биыл 38 жаңа жоба іске қосылмақ

Үкімет отырысында Премьер-министр құрылыс көлемінің жыл сайын өсуіне байланысты құрылыс материалдарына да сұраныс артып отырғанын атап өтті,  деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы

Сондықтан тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау мақсатында қажетті құрылыс материалдарын өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Биыл елімізде осындай 38 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Өнеркәсіп министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, олардың уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс, — деді Олжас Бектенов.

Жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button