Politics

Олжас Бектенов отандық тұқым өндірушілерді ынталандыру шараларын қарастыруды тапсырды

ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов егін егу кезінде агротехнология талаптарын қатаң сақтап, тыңайтқыштарды уақтылы себу және өсімдіктерді зиянкестерден қорғау құралдарын қолдану қажеттігін атап өтті – бұл шаралар болашақ егіннің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары болмақ, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Биыл тыңайтқыштарды себу жоспары ғылыми негізі бар норманың 73%-нан астамын немесе 2,3 млн тоннаны құрайды.

Ауыл шаруашылығы және Өнеркәсіп министрліктері егіншілерді қажетті көлемде сапалы әрі қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте өзіміздің отандық өндірістің тыңайтқыштарына басымдық берілуге тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Осыған байланысты мемлекеттік органдарға ғылыми нормаларға сәйкес тыңайтқыш себу жоспарларын жүзеге асыруды жеделдету тапсырылды, бұл егін шаруашылығындағы өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Диқандарды жеткілікті көлемде сапалы әрі тексерілген тұқымдармен қамтамасыз ету мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Еліміздегі табиғи-климаттық жағдайларға бейімделген элиталық тұқымдардың үлесін арттыруға басымдық берілуі тиіс. Бұл бағытта отандық тұқым өндірушілерді ынталандыру шараларын қарастыру қажет, — деп тапсырды Премьер-министр.

Одан бөлек, өңірлерде озық ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, құрғақшылыққа төзімді технологияларға көшу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруыдың маңыздылығына назар аударылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button