PoliticsБасты

Alatau City жобасы: Қанат Бозымбаев әлемнің жетекші сәулет бюроларының өкілдерімен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының сәулеттік даму тұжырымдамасының таныстырылымына қатысты. Әлемге танымал екі компания – Zaha Hadid Architects және Skidmore, Owings & Merrill LLP (SOM) өздерінің авторлық идеяларын ұсынды. Бұл компаниялар портфолиосында Дубайдағы Burj Khalifa, Нью-Йорктегі One World Trade Center, Бейжіңдегі Leeza SOHO сынды әйгілі биік ғимараттар бар, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі

Көрсетілген жобаларда Alatau City  қаласының дизайн-коды мен қаланың танымал белгісіне айналатын Iconic building жобасының нобайы таныстырылды. Ұсынылған шешімдер заманауи халықаралық сапа стандарттарын ескере отырып, тік бағыттағы құрылысты және аса биік ғимараттар салу ісін дамытуға бағдарланған.

Сондай-ақ қалалық ортаны кешенді түрде дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл ретте көлік инфрақұрылымы, кіреберіс магистральдар, табиғи ландшафттар мен аймақтың климаттық ерекшеліктері ескерілді. Қоғамдық кеңістіктерді басым бағыт ретінде дамыту да маңызды бөлік ретінде қарастырылды.

Кездесу соңында Қанат Бозымбаев сәулет бюроларының өкілдеріне ұсынған идеялары үшін алғыс білдіріп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button