EconomyTech

Мемлекеттік сатып алуларда ЖИ енгізу 781 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді – Қаржы министрлігі

ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік сатып алуларда қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Ол жыл басынан бері «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қолданылып келе жатқанын, онда бұрын ұзақмерзімге созылған сатып алу рәсімдерінің мерзімдерін қысқартуға басымдық берілгенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда мерзімдер ең төменгі деңгейге дейін қысқартылды және отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған ережелер енгізілді. Нәтижесінде осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда жасалған шарт сомасы және отандық тауар өндірушілерден сатып алу сомасы 2 есеге өсті, жасалған шарттар саны 28%-ға, оның ішінде отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттар саны 30%-ға өсті. Шағымдар саны 25%-ға қысқарды», — деп атап өтті Мәди Такиев.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алуларға ЖИ элементтері енгізілген, бұл 781 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button