Social

Оралда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері есірткі сатушыны ұстады

Орал қаласында қоғамдық тәртіпті бақылау барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің жауынгерлері есірткі сату күдігіне ілінген азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды ҚР Iшкi iстер министрлігі

Әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрасыл Қуанышбай мен патрульшілер Ерасыл Байнияз және Олег Фофонов «Солтүстік-Шығыс» шағын ауданында кезекшілік атқарып жүрген.

Сол сәтте тұрғын үй ауласында ұялы телефонның жарқылын байқап қалған. Бейтаныс ер адамның белгісіз затты жасырын қойып, оны суретке түсіріп жатқан әрекеті әскери қызметшілердің күдігін тудырды. Ұландықтар күдіктіге жақындап, құжаттарын тексеруге әрекеттенгенде, ол қарсылық көрсетіп, агрессивті мінез танытты.

«Тексеру барысында азаматтың қалтасынан салмағы шамамен 10 грамм болатын есірткі заты салынған капсула табылды. Ұсталған азамат бірден полиция қызметкерлеріне тапсырылып, қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button