EducationБасты

Әр жылдардағы тестілер қолданылған: ҰБТ-да қандай бұзушылықтар анықталды

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өткен 161 пункте ереже бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева ҚР Сыбайдас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырған тікелей эфирде айтты.

«21 маусым мен 5 шілде аралығында 161 пункте ҰБТ бойынша мониторинг жүргізілді. ҰБТ өткізу ережесі бұзылған 300 факті анықталып, біздің тарапымыздан сараптама жасалды. Негізгі ереже бұзушылық ұялы телефон алып келумен байланысты. ҰБТ тапсырушы қаламаса да ата-анасының араласуымен ұялы телефон алып келген жағдайлар анықталды. Арнайы мониторинг тобы мүшүлеріне психологиялық қысым көрсетілді, олардың ішінде педагогтар тарапынан да болды», – дейді Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева.

Оның айтуынша, ҰБТ өткен кей жерлерде ұялы байланыс мұнаралары бұғатталмаған. Тағы бір жағдайда ҰБТ өтетін мектеп бұғаттауға келмейтін осындай мұнаралар жанынан әдейіге таңдалған.

«Сондай-ақ, ҰБТ өткізген кезде әртүрлі жылдардағы тест нұсқалары қолданылғаны анықталды. Білім және ғылым министрлігі бұл жағдайларға жедел назар аударып, олқылықтардың орнын толтырды. ҰБТ өтуіне мониторинг жасауға қатысқан 482 адам Арнайы мониторинг тобының мүшесі», – дейді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button