Елордада дәрігерлер тұрғындарға бейнебайланыс арқылы тегін консультация береді
Медицина мамандары Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына бейнебайланыс арқылы тегін консультация бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Telegram-дағы парақшасында жазды.
«Жүйеге елорданың 19 медициналық мекемесі қосылды және де егер сіз жүйеге қосылған емханаға тіркелген болсаңыз, сізге консультация онлайн түрде беріледі.
Консультация алу үшін Дамумед (Damumed) қосымшасында дәрігердің қабылдауына жазылу керек. Сізге консультация көрсететін дәрігер профилінің жанында «бейне« деген белгі болады. Қабылдау уақытыңыз келгенде, сізге онлайн-консультация көрсетіледі», деп жазды Мәлика Бектұрова.
Жүйеге қосылған медициналық мекемелердің тізімі:
№ 1 қалалық емхана
№ 2 қалалық емхана
№ 3 қалалық емхана
№4 қалалық емхана
№ 5 қалалық емхана
№ 6 қалалық емхана
№ 7 қалалық емхана
№ 8 қалалық емхана
№ 9 қалалық емхана
№ 10 қалалық емхана
№ 11 қалалық емхана
№ 12 қалалық емхана
№ 13 қалалық емхана
№ 15 қалалық емхана
«Достық» отбасылық денсаулық орталығы
«Sana Vita clinic» ЖШС
«№ 5 отбасылық денсаулық орталығы»
ЖШС «Салауатты Астана» ЖШС-і , «City» медициналық орталығы« ЖШС.