SocialБасты

Шетелдік нөмірлі көлікті тіркеу: Қанша қаражат төлеу қажет

ҚР Ішкі істер министрлігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде әкелінген көліктерді елімізде ресми тіркеу үшін жүргізушілер қанша ақша төлеуі керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сома салық заңнамасы аясында бекітілген. Ол барлығы үшін бірдей. Армениядан және басқа аумақтан әкелінген көлік құралдары үшін еш айырмашылығы жоқ. Көлік иесі мемлекеттік нөмір мен техникалық құжатына шамамен 10 мың теңге және бастапқы тіркеу үшін көлік құралының шығарылған жылына байланысты 600 мыңнан 1 млн теңгеден астамға дейін сома төлеуі керек», – деді Үкімет отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Сонымен қатар, ол автомобильдерді тіркеу үшін бөлінген мерзімді де түсіндіріп берді.

«Азаматтардың арасында жалған ақпарат тарап, ХҚКО-ларда дүрбелең болмауы үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұндай тіркеуді азаматтар өз көліктерін заңдастырып үлгеруі үшін барынша ұзақ уақыт жүргіземіз. Төлем жасау мерзімі шегерілген мүмкіндігі бар аталған жеңілдік кезеңі ақпанда басталып, 2021 жылдың наурызына дейін жалғасады», – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button