Басты

Қазақстандықтарға үйде отыруға кеңес берілді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандықтарға үйде отыруға кеңес берді, – деп хабарлайды коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға үйде отыруға үндейді. Оқшаулану және басқа да профилактикалық шараларды сақтау коронавирус инфекциясының таралуына жол бермейді», – делінген хабарламада.

Министрлік COVID-19 вирусының алғашқы белгілері пайда болса және учаскелік дәрігерден кеңес алу қажет болған жағдайда үйден шықпай, мемлекеттік қызмет түрлерін электронды үкімет порталынан алуға кеңес береді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 49 683 адам коронавирус жұқтырды. 16 183 науқас дертінен айықса, 264 адам қайтыс болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button