Басты

«Шелл» мұнай компаниясы Қазақстандағы 11 шетелдік қызметкерін еліне қайтарды

«Шелл» компаниясының 11 шетелдік қызметкері Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты өз еліне оралды. Енді бұл мамандар қашықтан жұмыс істейді.

Олардың дені – Еуропа елдерінің азаматтары. Қазақстандағы жағдай тұрақталғанда олар қайта келеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, соңғы күндері Атырау облысында жұқпалы індет өршіп тұр. Өңір – вирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұрғандардың бірі. Осыған байланысты жергілікті дәрігерлер күшейтілген тәртіп бойынша жұмыс істеуге көшті. Аймақта дәрігерлер мен дәрі-дәрмектің жетіспеуі де жағдайды қиындатып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button