Education

Елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова толығырақ айтып берді.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, акция 15 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ол жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардың балаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған. Оған волонтерлар, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және барлық жанашыр азаматтар қатыса алады.

Айта кетейік, акция кезеңінде азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін сенім телефондары, қоғамдық қабылдаулар үздіксіз жұмыс істейтін болады. Акция барысында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде +7 (7172) 74-25-28 жедел желісі және «BALA QORǴAÝ» телеграм-чаты жұмыс істейтін болады. Ол арқылы кез-келген адам көмек алу немесе мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін жүгіне алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button