Ойын бизнесі мәселелері туралы жаңа Заңға сәйкес жеке тұлғаларды құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеудің ең ұзақ мерзімі 10 жылға дейін ұлғайтылды, деп мәлімдейді Туризм және спорт министрлігі.
«Бүгінде тізімде 150 мыңнан астам адам бар. Норма қоғамның көңіл-күйін көрсетеді. Министрлікке жүздеген азаматтан өздерін немесе жақындарын ұзақ мерзімге шектеу туралы өтініштер келіп түседі, яғни 1 жыл жеткіліксіз», – деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Мемлекеттік және әскери қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған.
«Құмар ойындарға қатысу және бәс тігу заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тізіміне енгізілген. Тыйымның орындалуын мемлекеттік органдардың кадр қызметі, Антикор және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қадағалайды», – деді спикер.