Ұлытау өңірінің дамуы: Жезқазғандағы геологиялық кластер құрылысы
Жезқазған қ. геологиялық кластер бұрынғы «Жезқазғангеология» АҚ геологиялық экспедициясының аумағында орналасқан. Құрылыстың жалпы ауданы 14 мың ш. м. асады. Жұмыстарды «Kazakhmys Barlau» ЖШС жүргізуде. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгінгі күні құрылыстың басым бөлігі аяқталды. Ішкі жұмыстар, инженерлік-коммуникациялық желілерді монтаждау, бөлмелерді әрлеу сияқты жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Кластер ішінде оқу орталығы, геологиялық кітапхана, қызметкерлерге арналған жатақхана, ALS талдау зертханасы, Colorado School of Mines-пен бірлескен еліміздегі алғашқы геофизикалық зертхана, көлемі 200 мың п.м. құрайтын керн қоймасы, кеңсе ғимараты, жөндеу-механикалық цехі және т.б. болады.
Геологиялық кластердің құрылысы Ұлытау өңірінде бүкіл геологиялық қауымдастық үшін тартымды орталыққа айналып, саланың техникалық және кадрлық ресурстарын біріктірмек. Объект 150 жұмыс орнына есептелген. Жобаның құны 7 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2024 жылдың 3 тоқсанына жоспарланып отыр.