Басты

Мемлекеттік білім гранттары қандай мамандықтарға көп бөлінеді – Ғылым министрлігінің дерегі

2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс аясында 112 мың грант бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті.

«Кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған ел экономикасының салалары үшін кадрларға қажеттілікке орта мерзімді болжам негізінде, экономика салаларының үрдістері, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, орталық мемлекеттік органдар мен өңірлік әкімдіктердің ұсынған қажеттілік негізінде қалыптастырылады. Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырыс аясында 112 мың грант (бакалавриат – 79 мыңға жуық грант, магистратураға -13 мыңға жуық, докторантура -1 900 астам грант) бөлінген», – деп атап өтеді ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.

2024 жылғы 18 наурыздағы №118 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығымен мемлекеттік білім гранты үш жылға бекітілген.

«Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына, «Педагогикалық ғылымдарға», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына тиесілі», – деп нақтылады министрліктен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button