Гүлмира Сатыбалды: «Неге ол менің бұрынғы күйеу балам екенін айтпайды?»
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісовтен жауап алу кезінде айыпталушы күтпеген жерден оған сұрақ қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мені Назарбаевтың бұрынғы келіні деп барлық жерде жыр қылады, неге ол менің бұрынғы күйеу балам екенін айтпайды? Оның үстінен бірнеше рет қылмыстық іс қозғалса, мен соншалықты күшті, қауқарлы болсам, неге олар жабылып қалды. Мені осы таңғалдырады», – деді Гүлмира Сатыбалды.
Жәбірленуші Сатыбалдымен қарым-қатынасының бар екенін жасырмайтынын айтты. Оның айтуынша, айыпталушы ықпалды адамдарға, атап айтқанда бұрынғы күйеуіне сілтеме жасап әрекет еткен. Жүнісов оған қатысты істер дәлел болмағандықтан тоқтатылғанын атап өтті.