Батыс Қазақстан ғалымдары АҚШ-та біліктілікті арттырды
Батыс Қазақстан облысының жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары «Unilink» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Ратгерс университетінде «Қаржылық менеджмент және зерттеулерді коммерцияландыру» бойынша біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Курс азық-түлік қауіпсіздігін коммерцияландыру және инновациялар, биоинформатика, жануарлар мен өсімдіктер генетикасы, органикалық тағам салаларын қамтыды. Бағдарламаның мақсаты – қаржылық менеджмент тәжірибесін нығайту, зерттеулерді басқару мүмкіндіктерін кеңейту және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды жеделдету.
Тараптар инновациялық технологиялық шешімдердегі Қазақстанның құзыретін нығайтуға бағытталған Жәңгір хан Батыс-Қазақстан аграрлық техникалық университеті мен Ратгерс университеті арасында қаржыландырылатын жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келісті.