Social

Студенттер бауыр қатерлі ісігін анықтауға бағытталған стартаппен жұмыс істеуде

Astana IT, KBTU және University of Warwick студенттерінің «OncoZero.AI» стартап жобасын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдайды.

Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ғалымжан Жанқуатовтың жас зерттеушілермен болған кездесуінде айтылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, OncoZero.AI – бауыр қатерлі ісігін анықтауға мамандандырылған стартап 2023 жылдың қыркүйегінде құрылды. Жоба бастапқыда хромосомаларды жіктеуге бағытталған, бірақ кейінірек бауыр ісігін сегментациялауға көшу туралы шешім қабылданды. Жас зерттеушілер нейрондық желі арқылы рак клеткаларын ерте диагностикалау бағдарламасын ұсынды.

Кездесу барысында Г.Жанқуатов әзірленген қосымшаның денсаулық сақтау саласында үлкен әлеуеті мен келешегі бар екенін атап өтті. Цифрлық технологиялардың дамуымен осы бағдарламаны қолдану өзекті және бүгінгі таңда сұранысқа ие. Сондай-ақ, ол гранттық қаржыландыру тетіктеріне, стартап бағдарламаларға қатысу ережелеріне және инновациялық мәдениетті ынталандыруға егжей-тегжейлі тоқталды.

Студенттер кездесуді ұйымдастырғаны үшін ведомствоға өз алғыстарын білдірді, сондай-ақ зерттеу барысында туындайтын алдағы жоспарлар мен міндеттермен бөлісті.

Тараптар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің одан әрі дамуы мен тұрақты ынтымақтастығы туралы уағдаласты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button