Politics

Көлік министрлігі логистика саласындағы инвестициялық жобалар пулын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр

«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында инвестициялық ахуалды жақсарту жәнекөлік-логистика саласында инвестициялық жобаларды іске асыруға әсер ететін кедергілерді анықтау бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға Көлік министрлігінің, ҚР СІМ, ҚР ҚМ, KAZAKH Invest ҰК АҚ және бизнес өкілдері қатыстыКездесу brainstorm форматында өтті.

Сөз кезегінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев алдағы бірнеше жылда көлік инфрақұрылымында қойылған барлық міндетті іске асыру үшін, оның ішінде транзиттік қуаттарды ұлғайту үшін шамамен $40 млрд қажет болатынын атап өтті.

«Министрлік көлік және логистика саласындағы инвестициялық жобалар пулын ұлғайту бойынша өзектендіру және шаралар қабылдау бойынша жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды бірнеше есе ұлғайту мәселелері бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың, көлік және логистика саласындағы мемлекеттік және жеке сектор компанияларының қатысуымен ведомствоның инвестициялық жобаларын сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өткізілді», – деп атап өтті Т.Ластаев.

Қазіргі уақытта министрлік өткізген іс-шаралардың қорытындысы бойынша т/ж және теңіз көлігі, авиация және автожол салаларында жалпы сомасы $31 млрд астам инвестициялық жобалар пулын қалыптастырды.

Сондай-ақ ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша негізгі капиталға инвестициялар жоспары 107,7% – ға орындалып, 2 233,6 млрд теңгені құрағанын атап өткен жөн. Сонымен бірге еуропалық инвесторларды тарту үшін қазақстандық көлік саласы делегациясының Бельгияға, Нидерландыға және Румынияға жұмыс сапары өтті. Сапар барысында министрлік өкілдерімен, халықаралық қаржы ұйымдарымен және негізгі еуропалық инвесторлармен кездесулер өткізіліп, көлік саласы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар құжатқа қол қойылды.

Кеңес қорытындысы бойынша инвестициялық штаб отырысында қаралатын ұсынымдар берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button