FinanceБасты

Ұлттық банк Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді

Ұлттық банктің бас офисі Алматы қаласынан Елордаға көшірілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірде қол қойған № 304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкті 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін көшіру туралы бұйрық орындалды, деп хабарлады орталық банкінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк Нұр-Сұлтан қаласында мына мекен-жайға орналасты: Мәңгілік Ел көшесі, 5 үй.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 үйде орналасқан Қазақстан қаржы орталығында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Д.Галиева тағайындалды.

Алматыдағы банк өкілдігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен әдеттегі тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button