Politics

Ғабит Садырбеков Бас Прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында туылған.

Білімі жоғары, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2001-2017 жылдары прокуратура органдарында, 2017-2020 жылдары банк саласындағы қызмет еткен.

2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі болған.

2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы болды.

2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button