SocialБасты

Елордада «Тіл – халық мұрасы» фестивалі өтуде

Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы

«Тіл – халық мұрасы» атты фестивалі Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.

Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Шараның негізгі мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

Фестивал аясында өтетін шаралар тізімі:

  1. «Өлең – сөздің патшасы» поэзия кеші
  2. «Атаның сөзі – тәрбие көзі»
  3. «Ұлыларды – ұлықтау»
  4. «Ана тілің — арың бұл!»
  5. Фестиваль қорытындысы Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай ұйымдастырылатын «Qazaqwa Quiz» интеллектуалды сайысы.

Аталмыш фестиваль аясында өтетін іс-шаралардың алғашқысы – «Өлең – сөздің патшасы» атты поэзия кеші 21 қыркүйек күні Оқушылар сарайында өтті. Поэзиялық кешке 15 ақын қатысқан болатын. Олардың қатарында: Олжас Қасым, Қарлығаш Қабай, Батырхан Сәрсенхан, Ботакөз Мұхиден, Біржан Ахмер, Арман Шеризат, Айдана Сегізбаева, Бекзат Құлшар, Жантас Еркін, Дәулет Телман, Айдын Байыс, Аян Мейраш, Алпамыс Файзолла, Айзада Рақымжанова және Ажар Ерболған.

Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалымен бірлесіп ұйымдастырылып отырған поэзия кешінің негізгі мақсаты – елорданың жазба ақындарының ана тілі туралы жырларын көпшілікке таныту. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Поэзия кешінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазы, Халықаралық ” Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Танагөз Толқынқызы қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені  Айзада Рақымжанқызы – 200 000 тг, бірінші орынды Ажар Ерболған – 150 000тг, екінші орынды Айдана Сегізбаева – 100 000тг, үшінші орынды Аян Мейраш – 75 000тг, төрт ынталандыру сыйлығын (50 000 тг): Олжас Қасым, Ботакөз Мұхиден, Алпамыс Файзолла, Бекзат Құлшар еншіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button