EconomyБасты

ҰЭМ өкілдері Ақсай қаласының жылыту маусымына дайындық барысымен танысты

Министр «Ақсайжылукуат» МКК балансында тұрған қаланың орталық қазандығына барды. Нысан 2016 жылы пайдалануға берілген. Жылыту маусымында ол 77 көпқабатты үйді, 12 әлеуметтік нысанды, сондай-ақ шағын және орта бизнес нысандарын жылумен қамтамасыз етеді. Мұнда әрқайсысының қуаты 10 МВт болатын 4 қазандық орнатылған.

Коммуналдық мекеме қуаты 3,5 МВт шағын ГТЭС салуды жоспарлап отыр. Бұл электр энергиясын сатып алу шығындарын қысқартуға және жылыту маусымынан кейін қаланы көп шығынсыз ыстық сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Моноқалаларды дамыту шеңберінде ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) және құрылыс-монтаждау жұмыстарын әзірлеу үшін шамамен 1 млрд.теңге қажет. Осы міндеттерді халық үшін тарифтерді көтермей іске асыру жоспарлануда. Ол үшін кәсіпорын басқа қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат алуы керек.

Бұдан басқа, кәсіпорын «Ақсай жаңғырту» ЖШС жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының тізбесінен алып тастауды сұрайды. Министр жергілікті биліктің өтінішін қолдап, бұл мәселе Үкімет деңгейінде шешілетініне сендірді.

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы Ә.Қуантыров пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев спорт күніне арналған Орал қаласында өткен веложарысқа қатысты. Спорттық іс-шараға әр түрлі жастағы 350-ге жуық велосипедші қатысты. Веложарыс қорытындысы бойынша үш номинация бойынша дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді: «Спорттық отбасы » – Байбатыровтар отбасы, «Ең жас қатысушы»– Әсет Живалбаев (8 жас) және «Ең жасы үлкен қатысушы» – Святослав Выдрин (77 жас).

Басқа жаңалықтар

Back to top button