Батыс Қазақстан облысында артиллериялық снаряд табылды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 19 шілде күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылында болған.
«Сағат 12.30-да Байқоңыр көшесі, 13 мекенжайында «Отдел Строй» ЖШС маңында 47 жастағы тұрғын жер қазып жатқан мезгілде 2 метр тереңдіктен артиллериялық снаряд тауып алған. Снарядтың диаметрі – 76 мм, ұзындығы – 320 мм. Сағат 15.35-те барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып БҚО ПД саперлары снарядты жойды», – деп хабарлады ведомстводан.
Полиция департаментінің мәліметінше, снаряд Азамат соғысы кезінен қалған болып шықты.