PoliticsSocial

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай арнайы жазба жариялады

Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өзінің Twitter парақшасында арнайы жазба жариялады,деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе. Азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай президенттің баспасөз қызметі арнайы видео жариялады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button