Қазақстан-Ұлыбритания бағытындағы ұшақ рейстер саны артады
2023 жылғы 24-25 мамырда Лондон қаласында Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Қазақстан тарапынан делегацияны ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев басқарды. Ұлыбритания тарапынан көлік департаменті басшысының орынбасары Д. Беван.
«Эйр Астана» авиакомпаниясының екі елінің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы уағдаластықтарға сәйкес ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін уақытша негізде аптасына 5 рейс жиілігімен Алматы – Лондон – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауға рұқсат етілді.
Келіссөздердің маңыздылығы мен күрделілігі «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстері орындалатын қолданыстағы уағдаластықтардың мерзімі аяқталуында болды. Келіссөздер барысында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы – Лондон бағыты бойынша рейстердің бір бөлігін тоқтатуға мәжбүр болады.
Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы құқықтық база нығайтылып Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рұқсат етілген рейстер саны артты:
– Астана қаласы мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына 7 ретке дейін;
– Алматы қаласы мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына 7 ретке дейін;
– Қазақстанда енгізілген «ашық аспан» режиміне сәйкес ауа еркіндігінің 5 дәрежесін қоса алғанда, тұрақты емес негізде аптасына 7 жүк рейсіне дейін.
Қол жеткізілген келісімдер негізінде «Эйр Астана» әуекомпаниясы биылғы жылдың соңына дейін Лондонға орындалатын рейстер санын аптасына 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.