Politics

Құрылыс кодексі жобасын қоғамдық талқылаудан өткізу жұмыстары маусым айында аяқталады

Еліміздің өңірлерінде жаңа Құрылыс кодексінің жобасын талқылау бойынша, сондай-ақ E-Qurylys ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі түсіндіру жұмыстары жалғасып келеді, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Бұл кездесулер ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің«Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ өкілдерінің,сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қауымдастықтардың және құрылыс сарапшыларының қатысуымен өткізіліп жатқанын айта кетейік. Осы уақытқа дейін жұмыс тобы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, және Абай облыстарының халқымен кездесіп, қолға алынған реформада көзделген жаңашылдықтар жөнінде айтып берді. Мұндай форматтағы кездесулер барлық өңірді қамтып, қоғамдық талқылаулар маусым айына дейін жалғаспақ.

Бұл ретте жаңа Құрылыс кодексінің жобасы 43 тарау мен 260 баптан тұратынын айта кеткен орынды. Заңнамалық өзгеріс құрылыс секторындағы өзекті мәселелерді реттеп, жетілдіруге септігін тигізеді. Бұдан басқа аталған заң маман тапшылығы, тиімсіз бақылау, құрылыс сапасының төмендеуі, қоршаған орта мен адамның денсаулығына зиян келтіру және басқа да өзекті мәселелерді шешуге оң әсер етеді.  

Ал осы бағытта ақпараттық жүйені енгізу құрылыс сапасы мен жұмыс процесінің ашықтығына жол ашадыМұндай пікірді заң жобасының әзірлеушілері ұстанып отыр. Өйткені E-Qurylys – құрылыс саласындағы даму үрдісін белгілейтін жаңа бағыт. Цифрлы жоба ғимараттар мен нысандар құрылысының сапасын бақылауды күшейту үшін әзірленген мемлекеттік ақпараттық жүйе.

Басқа жаңалықтар

Back to top button