Каспий теңізінде итбалықтардың өлімі бойынша ақпарат
2023 жылғы 12 мамыр сағат 17:00 шамасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында бірнеше ондаған итбалықтар мен балықтардың ұшасы табылды. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.
Итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Гидробиология және экология институтының, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің,, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті және Қазгидромет қызметкерлері өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды.
Табылған теңіз жануарларының өлімге ұшырағандарының көпшілігі бекіре балық түрлерінің де қатты ыдырау және шіру сатысында болғандықтан, сынама алу мүмкін болмады.
Бұл ретте Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері өлімге ұшыраған итбалық ұшаларынан сынама алу мүмкін болған бір данасынан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзаларын (бауыр, өкпе), ал гидробиология және экология институты тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тістері мен тырнақтарын, жүнін алды.
Бұдан басқа, аталған дерек2023 жылғы 12 мамырдаМаңғыстау облысы Түбқараған ауданының полиция бөлімі СДТБТ-да № 234752030300589 болып тіркелді және сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталатын болады.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.
Ақпарат түскен сайын жаңартылады.