Tech

Үкіметте «G4 City» жобасының орындалу барысы қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен «G4 City» жобасын одан әрі іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеңесте 2023 жылға арналған ұйымдастыру шаралары жоспарын іске асыру мәселесі, жоба аумағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салу, сондай-ақ қазақстандық делегацияның Сингапурға сапары қорытындылары талқыланды.

Бүгінгі таңда Алматы облысының аумағында 30 мың га жерде «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Заңнамаға сәйкес «G4 City» АЭА Басқарушы компаниясын құру бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Айта кету керек, 2008-2020 жылдар аралығында «G4 City» жобасының тұрғын үй нысандарына магистральдық инженерлік желілер (сумен жабдықтау желілері (20 км), су тарту желілері (18,3 км), электрмен жабдықтау (16,3 км), газбен жабдықтау (10,2 км), жылумен жабдықтау желілері (14,7 км) және т.б.) жүргізілді. Жалпы негізгі инфрақұрылымдық нысандарды салу бойынша барлық қажетті шара жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button