Politics

Мәжіліс Қырғыз Республикасымен азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартты ратификациялайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.

Депутаттардың талқылауына 1996 жылғы 26 тамыздағы Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар  енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады.

Күн тәртібінің жобасында Мәжілістің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу туралы қаулысының күші жойылды деп тану туралы мәселе қарастырылған.

Сонымен қатар Бюро отырысында бірқатар ұйымдастырушылық мәселе қаралды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button