AgroБасты

АШМ: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалым өтті

Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карантин режиміне байланысты қоғамдық тыңдау бейнеконференция түрінде өткізілді.

Шараға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов, министрліктің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдар мен облыстардың шағын және орта бизнесі өкілдері, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.

Заң жобасымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина таныстырды. Баяндама барысында негізгі жоспарлар мен тиісті заңнамаға енгізілетін жаңалықтар туралы айтылды.

Сараптамалық пікірді «Атамекен» ҰКП құрылыс және жер қатынастары  департаментінің директоры Назира Үсенова және заңгер, жер құқығы саласындағы тәуелсіз сарапшы Бақытжан Базарбек айтты.

Заң жобасын талқылау барысында аймақ тұрғындарына сұрақ қою мүмкіндігі берілді.

Айта кетейік, қоғамдық тыңдау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Facebook-тағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button