ҚР әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, King’s College London-ды (Ұлыбритания) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы «КазЮжBодСтрой» АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады.
Әр жылдары Қаржы, Әділет министрліктерінің, «СҚ-Фармация» ЖШС құрылымдарында жұмыс істеді.
2016-2020 жылдары ҚР Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру, ішкі әкімшілендіру департаменттерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті; ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығын басқарды.
2021 жылғы ақпан айынан бастап ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.