SocialБасты

TikTok-қа видео түсірмек болған студент Каспий теңізіне батып кетті

Ақтауда 18 жастағы студент суға кетті, деп хабарлады Elorda.info.

7 маусым күні сағат 16.20 кезінде құтқару қызметіне Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында теңіз жағалауында бір адамның суға кеткені туралы хабар келіп түскен.

Суға кеткен адам – 2004 жылы туған Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы. Бозбала Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқыған. Сол оқу орнының №5 жатақханасында тұрған. Қазіргі уақытта марқұмның денесін іздеу жұмыстары жүріп жатыр, – дейді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенант Азамат Төлегенов.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, жастар жағалауда TikTok желісіне арнап видео түсіріп жүрген.

Үшеуі пирстен теңізге секірген, екеуі жағаға жүзіп шыққанымен үшінші жігіт суға батып кеткен.

Іздеу жұмысына 15 құтқарушы және екі сүңгуір тартылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button