SocialБасты

Қазақстанда 2022 жылдың бірінші тоқсанында 30 млн тонна көмір өндірілді

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7% – ға артық, деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі.

Өндірілген көмірдің 16,7 млн тоннасы энергетикалық компанияларға, 2,2 млн тоннасы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 2,4 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты 8,6 млн тоннаны құрады.

Облыстар мен қалалар әкімдіктерінің деректері негізінде, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, 2021-2022 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарын қалыптастырған.

Жоспарға сәйкес, осы кезеңде тұтыну көлемі 9,336 млн тоннаны құрауы тиіс (коммуналдық-тұрмыстық секторға – шамамен 3 млн, халық үшін-6,3 млн тонна). Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, өңірлерден 9,338 млн тонна көмір әкелінді. Яғни, жоспарланған көлемнің 100% – ы.

Келесі жылыту маусымына дайындық үшін Министрлік 2022-2023 жылдарға арналған ұқсас жоспарды әзірледі. Құжат барлық облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жіберілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button