Басты

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасы: қалада тұрақты тіркеуде тұру талабы алынып тасталды

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасымен баспана алу үшін жастарға қойылатын қалада тұрақты тіркеуде болу туралы талап алынып тасталды.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынып тасталды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады»,- деп жазды.

Айта кетсек, бұл бағдарламамен баспана алу үшін: несиенің максималды сомасы – 13 млн теңгеге дейін; пайыздық мөлшерлеме – 5%; бастапқы төлем – 10%.

Басқа жаңалықтар

Back to top button