Бүгінде маска тағу режимі тек далада, ашық ауада ғана алынып тасталды. Жыл сайынғы жедел респираторлық вирусты инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы өтуіне байланысты үй-жайларда маска режимі әлі де сақталады. Жағдай жақсарған сайын бұл мәселе қаралады.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Бұл ретте ол жағдайдың жақсаруы жедел респираторлық вирустық инфекциялар деңгейінің төмендеуі және коронавирус инфекциясының тіркелуін білдіретінін атап өтті.
Әдетте ЖРВИ маусымы наурыз айының соңына дейін созылады.Ажар Ғиният
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде кейбір өңірлерде барлық коронавирус ауруханалары жабылған. Ал коронавирус жұқтырғандар нөлге тең.
Коронавирус жұқтыру Алматы, Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп жатыр. Ал кейбір аймақтарда тіркеу нөлге тең. Барлық ковид ауруханаcы да жабық.