«Ауыл шаруашылығы жануарларын біріздендіру» ақпараттық жүйесінде «Жасыл дәліз – 3» функционалы іске қосылды. Ол 2022 жылдың 31 мамырына дейін жұмыс істейтін болады.
Ветеринария қызметтері қызметкерлері оқытылды, жүйеде тіркеуге жататын ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру үшін ЖАО басқармалары қосалқы және фермерлік шаруашылықтарды аралауды бастады.
«Жасыл дәліздің» ашылуы ауыл шаруашылығы жануарларын біріздендіру қағидаларына сәйкес, 2000-2021 жылдар аралығындағы туған күні диапазонымен АЖБ ақпараттық жүйесінде тіркелмеген жануарларды сәйкестендіру және тіркеу жөніндегі жұмысты аяқтауға мүмкіндік береді. Жедел деректер бойынша бүгінгі таңда елімізде 432 мыңға жуық тіркелмеген мал басы бар.
Сонымен қатар, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне жүйеге түзетулер енгізу алгоритмін әзірлеу, тіркелмеген мал басын АЖБ деректер базасында заңдастыру, АЖБ мобильді қосымшасын пайдалану бөлігінде (техникалық дайындығына қарай) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелері мен деректер базасын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеуді тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл дәліз – 2» аясында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша қосымша 71 343 ауыл шаруашылығы малы тіркелген.