SocialБасты

Қазақстандық БАҚ делегациясы Түркиядағы ақпарат құралдарының медиа форумына қатысты

Қазақстан елінің делегациясы Түркияның Гемлик қаласында 10-12 желтоқсан аралығында өткен Анадолы спорт журналистері ассоциациясының 12-құрылтайы мен Анадолыдағы ақпарат құралдарының медиа форумына қатысты.

Іс-шара барасында Анадолы спорт журналистер ассоциациясының атауы «Анадолы журналистері мен спорт тілшілері ассоциациясы» болып өзгертілді. Сонымен қатар төраға Ибрахим Ердоған Ассоциациясының 9 жаңа мүшесімен кеңейтілген тізім арқылы бірауыздан қайта сайланды.

Медиа форумға қазақстандық БАҚ делегациясын бастап барған Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Алаш арыстарының қазақ баспасөзін қалыптастырудағы рөлін жөнінде айта кетті.

«Әлемдегі барлық ақпарат құралдары Ахмет Байтұрсынұлы үндегендей, “халықтың көзі, құлағы һәм тілі болуға міндетті”, – деді Нәзия Жоямергенқызы.

Нәзия Жоямергенқызы түркі әлемі журналистерінің бірлігін арттыру үшін кәсіби алаңда ортақ жобалар жасау, маңызды ақпараттарды бір біріне жедел жеткізу, кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасу, түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихын және түркі мемлекеттеріндегі танымал тұлғаларды БАҚ арқылы насихаттау туралы айтты.

Өз кезегінде түркиялық журналистер Йүксел Байсал мен Нежати Картал түрік және әлемдік медианың жаңа үдерістері, бәсекеге қабілетті болу жолдары жайлы айтты. Сондай-ақ медиа форумда “Түркі әлемі, Ататүрік және медиа” тақырыбына баяндамалар жасалды.

Шара соңында 2022 жылы жүзеге асырылатын жобалар талқыланды.

Бурсаның Гемлик ауданындағы “Atamer Doğa Resort” қонақ үйінде өткен медиа форумға Түркия Республикасы Ұлттық Мәжіліс депутаты Атилла Сертел, CHP партиясы төрағасының орынбасары Сейіт Торун, Гемлик қаласының губернаторы Мехмет Уғур Сертаслан, Нилүфер ауданының губернаторы Тургай Эрдем, саяси қайраткерлер, Түркияның барлық қала, аймақтарынан БАҚ өкілдері қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button