Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Ресей Президенті Владимир Путинді және барша ресейліктерді ұлттық мерекелері – Ресей күнімен құттықтады.
– Ресей Федерациясы өзінің жаңа тарихында осы атаулы күнді халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жаңа сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдарға, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы өзара тиімді және әділ ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосып отырған қуатты әрі беделді держава ретінде атап өтеді. Сіздің стратегиялық бағытыңызды қатаң ұстана отырып, Ресей мемлекеттік құрылымның сан ғасырлық дәстүрін табысты арттырып, қоғамдық өмірдің барлық саласын дәйекті түрде жаңғыртып келеді, – делінген жеделхатта.