SocialБасты

Жаңа елордалық дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне балаларды қабылдау басталды

Нұр-Сұлтанда Сарыарқа ауданы Көктал-2 тұрғын алабында (Баршын-Қайнар көшелерінің қиылысында) салынған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне балаларды қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Спорт нысанында балалар мен жасөспірімдер спортпен тегін негізде айналыса алады.

№ 7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне спорттың 8 түрінен балаларды қабылдайды:

Самбо-11-14 жас
Греплинг-14-15 жас
Каратэ-до-7-9 жас
Кикбоксинг – 10-13 жас
Панкратион – 14-15 жас
Пауэрлифтинг-15-18 жас
Армрестлинг – 12 – 18 жас
Таэквондо-8 -11 жас
Муай-тай – 8-9 жас
Джиу-джитсу-8-11 жас.

Жауапты нұсқаушы: Бақытбек Досымжан, тел: 8-775-890-67-25

№ 5 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі балаларды спорттың 3 түрінен қабылдайды:

Гандбол-7-11 жас,
Волейбол – 9-12 жас
Баскетбол-9-12 жас.

Жауапты нұсқаушы: Абдрахманов Берік, тел: 8-701-830-85-85

Оқытудың бірінші жылының бастапқы даярлық топтарын қалыптастыру осы жылдың 1 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Спорт мектебіне мынадай құжаттарды тапсырған жалпы білім беретін мектептердің және басқа да оқу орындарының оқушылары қабылданады:

1. Ата-аналар қол қойған өтініш;
2. 037 формасындағы баланың медициналық картасы;
3. Туу туралы куәлік; (көшірмесі).

Айта кетейік, жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенінің ауданы 2634 шаршы метрді құрайды, нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған және ойын залынан, бірлік залынан, сондай-ақ жаттығу залдарынан тұрады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені №5 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button