Economy

Қазақстанда кәсіпорынның ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қайта сараптамадан өтуі алынып тасталады

Қазақстанда кәсіпорынның ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қайта сараптамадан өтуі алынып тасталады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саланың кәсіпкерлік бөлігіндегі жүктемені төмендететін тағы бір норма бұл – ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қайтадан сараптама өткізу. Заңнамадағы қазіргі нормада мұндай сараптаманың әрбір үш жыл сайын өткізілетіндігі жазылған. Сараптама өткізіп, құжаттамасында, жобалық-техникалық құрылғыларында ешқандай өзгеріс болмаса да үш жылдан кейін қайтадан осы аттестациядан өтуі қажет. Сондықтан осы саладағы кәсіпорындармен талқылау аясында қайта сараптамадан өту жүйеде, жобалық құрал-жабдықтарда, технологиялық құжаттамада өзгеріс болса ғана жүргізілуі тиіс деген пікірге келдік», деді ол атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген заңының жобасын таныстыру барысында.

Сонымен қатар вице-министр тағы бір өзгеріс ретінде мемлекеттік қызметтердің оңтайландырылуын атады.

«Өздеріңіз де білетіндей, бұл қызмет лицензияланады. Сондықтан бізде атом энергетикасында лицензияның 9 түрі бар. Қазір біз оларды оңтайландырып, үш лицензияны біріктіреміз. Яғни, бұл қызметтің 2-3 түрімен айналысатын кәсіпорынның лицензия алуға 3 рет келмеуі үшін жасалып отыр», – деді Сұңғат Есімханов.

Дерек көз

Басқа жаңалықтар

Back to top button