ӘлемБасты

Ұлттар лигасының финалында Франция құрамасы Испанияны жеңді

Ұлттар лигасының финалында Франция құрамасы Испанияны жеңіп, алғаш рет бұл турнирде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Италиядағы «Сан-Сиро» стадионында өтті. Кездесудің бірінші таймында командалар есеп аша алмады.

Үзілістен кейін француздар қауіпті шабуыл жасап, испан футболшыларын қақпа маңдайшасы құтқарып қалған. Кейін Микель Оярсабаль өз мүмкіндігін мүлт жібермей, испаниялықтар алға шықты.

Бірақ бұл есеп таблода ұзақ сақталмады. Араға екі минут салып, Кәрім Бензема таразы басын теңестірді.

Кейін матчтың 80-минутында француздар жеңіс голын соқты – Килиан Мбаппе көзге түсті. Бірақ испаниялық футболшылар бас төрешіге шағымданып, Мбаппе офсайдта қалғанын айтқан. Бірақ төреші шешімін өзгертген жоқ. Ал бейнеқайталауда Мбаппе, расымен де, офсайдта болғанға ұқсайды.

Әйтсе де, гол есепке алынып, Франция құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Франция тағы тойлап жатыр – елдің құрамасы әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты мен Ұлттар лигасында топ жарған алғашқы команда.

Ұлттар лигасы. Финал

Испания – Франция – 1:2 (0:0)

Голдар: Оярсабаль 64 (1:0), Бензема 66 (1:1), Мбаппе 80 (1:2)

Төреші: Тейлор (Англия)

10 қазан. Милан. «Сан-Сиро» стадионы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button