Ел аумағында 13 елдің вакциналау төлқұжаты жарамды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов осындай қаулы қабылдады. Жаңа құжатқа сәйкес Аргентина, Армения, Беларусь, Грузия, Иран, Қырғызстан, Венгрия, Моңғолия, Молдова, Сан-Марино, Түркия, Таиланд және Эстония азаматтарының вакцинация паспорттары, сертификаттары мен анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды болмақ.