Атыраулық полицейлер тұрғыннан 362 келі бекіре тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика көлемінде өтіп жатқан “Бекіре-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Атырау ОПД Криминалдық полиция басқармасының мамандары Ваз-2114 автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүк салғышынан 20 дана және тұрғын үйінің гаражынан 84 дана бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.
– 28 жастағы күдіктіден барлығы 104 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленіп, салмағы 362 келіні құрады.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Айта кетейік, “Бекіре-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады.