EcoБасты

Президент Қалжыр өзенінің ластану мәселесіне қатысты тапсырма берді

Президент Қалжыр өзенінің ластану проблемасына қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Айқын» газетінің бүгінгі нөміріне «Қалжырды кім ластап жатыр?» деген мақала жарияланған еді. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді», делінген Берік Уәлидің жазбасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button