2021 жылдың 15 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 13,2 млн гектар жердегі (83,3%) дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерді құрап, 12 млн тонна астық түсті.
Егін егетін негізгі үш өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 млн гектар жер орылып (86%), 8,2 млн тонна астық жиналды.
Бұл өңірлердегі өнімділік гектарына 8,3 центнерді құрады.
Астық сақтау қоймаларындағы орын өткен жылдан қалған астық пен биыл жиналатын өнімді сақтауға жетеді.