Ербол Қарашөкеев агроөнеркәсіп саласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Үкімет мүшелеріне баяндады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е.Қарашөкеев Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар – тамыз айларындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму динамикасы туралы хабарлады.
Ведомство басшысының айтуынша, көрсетілген мерзімде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2 887,9 млрд теңгені құрады.
«Мал шаруашылығындағы өндіріс көлемі 3,6 % -ға артып, 1 945,5 млрд теңгені құрады. Барлық түрдегі мал мен құс санының өсуі байқалады», – деді Е.Қарашөкеев.
Ірі қара мал басы 4,8%-ға артып, 8,8 млн. басты құраса, қой мен ешкі 2,6%-ға (23,5 млн. бас), жылқы 9,6%-ға (3,5 млн. бас), құс 4,4%-ға (48,8 млн. бас) артқан. Тірі салмақта ет өндіру 6% – ға (1 242,7 мың тонна), сүт өндіру көлемі 3,3% – ға (4 406,9 мың тонна) өскені байқалады.
«Өсімдік шаруашылығы өнімі 919,7 млрд теңгеге өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,3% – ға төмен. Төмендеу қалыптасқан топырақ пен атмосфера құрғақшылығына байланысты болып отыр. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың орташа өнімділігі 7,9 ц/га құрады», – деп атап өтті ведомство басшысы.
2021 жылы егістер құрылымындағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың үлесі шамамен 70%-ды құрайды.
Азық-түлік өнімдерінің өндірісі көрсетілген кезеңде 4,8% – ға өсіп, 1 421,2 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 43,2% – ға артып, 427 млрд теңгені құрады.