PoliticsБасты

Мемлекет басшысы Svevind Group компаниясының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Svevind Group компаниясының президенті Вольфганг Кроппты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Svevind Group неміс-швед компаниялар тобының басшысы Қазақстан Президентіне «жасыл» энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективалары туралы айтты.

Атап айтқанда Маңғыстау облысында жел және күн электр станцияларының құрылысына қатысты жобаны іске асыру және содан кейін ресурстарды «жасыл» сутегі өндірісіне бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жел генераторлары мен күн энергиясын өндіретін панельдерді жергілікті жерде шығару мүмкіндігі қарастырылуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға және ел экономикасындағы көміртегіне тәуелділікті төмендетуге басымдық беретінін айтты. Оның пікірінше, сутегі энергетикасына арнайы назар аудару керек.

Мемлекет басшысы компанияның ұсынған инвестициялық ұсыныстарын оң бағалап, Вольфганг Кроппқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button