Серікбай Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», – делінген жарлық мәтінінде.